ЕЭК-те сауда келісімдері бойынша әріптес елдердің нарықтарына фармацевтика өнімдерінің экспортын кеңейту талқыланды
29.10.2025
Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев Ресей өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағының қолдауы аясында фармацевтикалық бизнес өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Үшінші елдердің нарықтарына өнімді ілгерілету және болулы сауда тосқауылдарын жою мәселелері талқыланды.

"Қорытындысында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің өнімдерін жеткізудің өсуінен және тұтастай алғанда сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудан көрінетін барынша жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін біздің әріптестермен жұмыс бағыттарын айқындау мақсатында іскер топтармен өзара іс-қимылды жүзеге асырғанымыз маңызды. Аталған өнімге қатысты сыртқы нарықтардағы тосқауылдарды жою жөніндегі жұмыс Одаққа мүше мемлекеттер арасында қолданылатын құқықтық базаға да, оның үшінші елдермен сауда келісімдеріне де сәйкес келеді", — деп атап өтті ЕЭК министрі.

Бейінді кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдері болулы негізгі тосқауылдардың ішінен шет мемлекеттерде фармацевтика өнімдері мен медициналық бұйымдарды тіркеудің ұзақтығы мен күрделілігін баса айтып өтті. Олардың пікірінше, мұны жеңілдету үшін кейбіреулерімен уағдаластыққа қол жеткізу туралы мәселені қарастырған орынды болады. Тиісті позицияларды ЕЭК сауда блогы пысықтауға алды.

 

Скачать исходники фотографий