Жаңалықтар

05.10.2023

ЕЭК-те агроөнеркәсіптік кешенді дамыту талқыланды

ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалянның төрағалық етуімен Еуразиялық экономикалық комиссияның Агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі консультативтік комитетінің отырысына қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақтың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қатысты бірқатар мәселені талқылады.


Атап айтқанда, Комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамыту туралы" ұсынымының жобасы және Мүше мемлекеттердегі саланы ғылыми және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, өсімдіктердің генетикалық ресурстары саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға, өнеркәсіптік тұқым шаруашылығы мен жеміс-питомник шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ кадрларды даярлау жүйесіне, нормативтік-құқықтық реттеуді және мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіруге бағытталған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамытуға арналған шолу қаралды.

Құжаттар Ресейдің "Экономика жоғары мектебі" Ұлттық зерттеу университетінің ЕАЭО елдерінің ғылыми, білім беру және зерттеу ұйымдарымен, салалық бірлестіктер және бизнес-қоғамдастықтар өкілдерімен бірлесіп орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері негізінде әзірленген.

Шолуда -Одақ мемлекеттеріндегі селекция мен тұқым шаруашылығының ағымдағы жай-күйі, тұқымдардың және отырғызу материалдарының өзара және сыртқы саудасы, аталған салаларды дамытудың салалық бағдарламаларының және мемлекеттік қолдау шараларының параметрлері көрсетілген.

"Біздің ұсыныстарымыз ең алдымен ЕАЭО шеңберінде селекционерлер мен тұқым өсірушілердің жұмысы үшін тартымды жағдайлар жасауға, сондай-ақ Одақтың ортақ тұқым нарығын дамытуға бағытталған", - деп атап көрсетті Артак Камалян.

Отырысқа қатысушылар ЕАЭО мемлекеттерінде ауыл шаруашылығы жануарларының жаңа тұқымдарын, типтерін, желілері мен тоғысқан салаларын сыналтымдау жүргізу тәртібіне оны ауыл шаруашылығы жануарларының сыналтымдау жүргізілетін жаңа тұқымдарының, типтерінің, желілері мен тоғысқан салаларының өзгешелігін, біртектілігін, тұрақтылығын және ауруларға орнықтылығын бағалау жөніндегі қосымшамен толықтыру бөлігінде өзгерістер енгізуді мақұлдады.

"Енгізілетін өзгерістер сыналтымдау жүргізу кезінде құқықтық негізді қалыптастыруды аяқтауға, мал шаруашылығында құрылатын селекциялық жетістіктерді бекіту жөніндегі жұмысты біріздендіруге және оларды ЕАЭО шеңберінде тануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жануарлардың генетикалық әлеуетінің өсуіне, бәсекеге қабілетті асыл тұқымды өнім өндірісінің көлемін ұлғайтуға, импортқа тәуелділікті азайтуға және өзара жеткізілім көлемін арттыруға ықпал ететін болады", - деп атап өтті ЕЭК министрі.
Отырыс барысында сондай-ақ ЕЭК Алқасының ЕАЭО-да сүт өнімділігін есепке алудың және сүт өнімділігі бағытындағы ірі қара малдың сүт өнімділігін бағалау кезінде сүт өнімділігін есепке алу процестерінің дұрыстығын арттыруға және Жануарларды есепке алу жөніндегі халықаралық комитет ұсынған әдістемелер мен Одақ мемлекеттерінің тәжірибесі негізіндегі Комиссия актілеріне сәйкес жүргізілетін сүт өнімділігі бағытындағы ірі қара малдың сүт өнімділігін бағалау кезінде сүт сапасына зертханалық бақылау жүргізуге бағытталған "Сүт өнімділігін есепке алудың және өнімділіктің сүт бағытындағы ірі қара малдың сүт сапасына зертханалық бақылау жүргізудің біріздендірілген тәсілдемелері туралы" ұсынымының жобасы мақұлданды.

ЕЭК Алқасының ұсынымын қабылдау асылдандыру ісін ұйымдастыру мен жүргізу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді және бәсекеге қабілетті асыл тұқымды өнімді дамытуға әрі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер аумағында мал шаруашылығы саласының орнықты жұмыс істеуіне ықпал ететін болады.

Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің басшылығы кеңеске қатысушыларды мемлекеттер арасындағы электрондық алмасуды қамтамасыз ететін, сондай-ақ осы саладағы барлық мүдделі тұлғаларға ақпаратқа қол жеткізуді ашатын АӨК-тің интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту туралы хабардар етті. Кіші жүйені келісілген агроөнеркәсіптік саясаттың негізгі бағыттары жөніндегі ақпараттық ресурстар, соның ішінде екі жалпы процесс қалыптастырады.

Отырыс барысында Комитет мүшелері ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылығы өсімдіктері сұрыптарының бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу мен пайдалану және асыл тұқымды жануарлар мен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктер туралы деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану жөніндегі жалпы процестерді іске асыру мәселелерін талқылады.