Талқылаудың негізгі тақырыбы сыни факторлар әсері астында ПАЖ қолдану болды. Ең алдымен, бұл экстремалды климат және күрделі географиялық жағдайлар, қақтығыс аймақтары және радиоэлектрондық басу (РЭБ), шектеулі байланыс инфрақұрылымы және техногендік бөгеуілдер.
"ЕАЭО кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді қолдана отырып, көрсетілетін қызметтердің ортақ және қауіпсіз нарығын қалыптастыру оларды пайдаланудың күрделі талапшарттарының барлық спектрін есепке алмай мүмкін емес. Біздің мақсатымыз — мүше мемлекеттердің үйлестірілген іс-әрекеттері, халықаралық ұйымдардың тәжірибесі және Одақ құқығының құралдары негізінде нақты ұсыныстар дайындау", — деп атап көрсетті ЕЭК Көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры Рустан Дженалинов.
Сарапшылар халықаралық практикаға айрықша назар аударды. Дөңгелек үстелге қатысушылар ИКАО стандарттарын ЕАЭО әуе нарығының қажеттіліктеріне бейімдеудің басымдықтарын белгіледі. Сондай-ақ форс-мажорлық жағдаятта ұшқышсыз ұшатындардың трансшекаралық ұшуы кезінде қатысушы елдер ведомыстарының жедел өзара іс-қимыл механизмдері ұсынылды.
Кездесуге мемлекеттік билік органдарының, авиациялық билік органдарының, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты, олар күрделі және дағдыдан тыс жағдайларда дрондарды пайдалануға орайлас бірлескен тәсілдемелерді айқындады.