Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық одақтың климаттық күн тәртібі мәселелері бойынша семинар өтті, оған ЕАЭО мемлекеттерінің уәкілетті органдары мен іскерлік қоғамдастығының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Одақ елдерінің экспорттаушылары үшін ЕАЭО сауда әріптестерінің, атап айтқанда Қытай Халық Республикасының көміртекті реттеу шараларын енгізуіне байланысты негізгі тәуекелдер мен мүмкіндіктер талқыланды. Талқылау барысында өнімнің кең ауқымды тізбесі бойынша көміртек ізін есептеу жүйесі де сөз болды.
ЕЭК министрінің айтуынша, аталған стандарттарды әзірлеу жөніндегі жоспарды дайындау жақын арада басталады."ЕАЭО аясында әзірге көміртек ізін есептеу және оны верификациялау жөніндегі өз жүйесі жоқ. Бұл біздің елдердің экспортына, инвестициялық тартымдылығына және технологиялық дамуына қауіп төндіреді. Алайда мұндай жүйені құру үшін қажетті құралдар ЕАЭО-ның 2030 жылға дейінгі стратегиялық құжаттарында мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу арқылы қарастырылған", – деді ЕЭК-тің Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.