ЕЭК-те ЕАЭО аясында темекінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

Еуразиялық экономикалық одақ аумағында заңсыз темекі өнімдерінің әкелінуі мен айналымына қарсы күрес жөніндегі шараларды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы 2 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде ЕЭК кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдовтың қатысуымен өтті. 

Жұмыс тобы осы жылдың наурыз айында Комиссияның Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитетінің жанынан құрылды. Оның құрамына 80-нен астам мүше кірді, олардың жартысы жұмыс тобын құруға бастамашы болған бизнес-қоғамдастық өкілдері. 

Өткен отырыста ЕАЭО кеңістігіндегі темекі және құрамында никотин бар өнімдер нарығының жай-күйі, осы саладағы заңсыз айналымның үрдістері мен динамикасы, сондай-ақ аталған өнімді автомобильмен тасымалдануын қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану тәжірибесі талқыланды. 

Жұмыс тобының қатысушылары Одақ нарығындағы темекінің заңсыз айналымының жолын кесуге бағытталған бірінші кезектегі шаралар бойынша ұсыныстар енгізді, олар Одақ елдерінің уәкілетті органдарын тарта отырып, ЕЭК алаңында пысықталатын болады.