Жаңалықтар

31.08.2021 (Обновлено: 11.01.2022 11:42)

ЕЭК-те топырақ тіршілігін сақтау мәселелері талқыланды

ЕАЭО елдерінің сарапшылары Еуразиялық экономикалық одақта жер қорының тіршілігін сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған жер шаруашылығы практикаларын жетілдіру жөнінде шаралар кешенін әзірлеуді, сондай-ақ топырақтың жай-күйі мониторингінің бірыңғай ақпараттық жүйесін құруды ұсынды. Бұл бастамалар Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында, «Топырақ құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру. Оларды Еуразиялық интеграциялық ынтымақтастық шеңберінде шешудің проблемалары мен жолдары» дөңгелек үстелі шеңберінде айтылды.

«ЕАЭО-да топырақ ресурстарының құнарлылығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған шаралар - агроөнеркәсіптік кешеннің өндірістік әлеуетін қолдаудың және елдеріміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кілті болып табылады. Көтерілген мәселелердің маңыздылығын ескере келгенде, олардың орындалу басымдылығы сөзсіз», — деп атап өтті ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян.


БҰҰ Азық-түлік ауыл және шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері Комиссияның топырақ тіршілігін сақтау мәселелерін талқылау ұйымдастыру жөніндегі бастамасын қолдады, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және топырақ әралуандығын сақтау үшін қажетті топырақ ресурстарын орнықты пайдалануды ендіруді ынталандыру жөніндегі жұмыс туралы айтып берді.

Армения Экономика министрлігінің, Беларусь Ұлттық ғылым академиясы Топырақтану және агрохимия институтының, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеулер университетінің, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің өкілдері де топырақ құнарлылығын ұстап тұруға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі ұсыныстарын білдірді.

Одақтың бизнес-қоғамдастығы мен коммерциялық емес ұйымдары ЕАЭО-да аграрлық карбонды нарық құру бастамасын көтерді. Қазірдің өзінде әлемде карбонды фермалар құру және одардың өндірушілермен әріптестігінің мысалдары бар, бұл экологиялық теңгерімді жақсартуға ықпал етеді. Көміртегі ізін азайту жөніндегі халықаралық бастамалар шеңберінде бұл әсіресе өзекті.
Кездесу қорытындысы бойынша, ЕАЭО елдері сарапшыларынан түскен ұсыныстарды ескере отырып, ЕЭК Одақта ауыл шаруашылығын жүргізудің орнықты жүйелерін ендіруді ынталандыру шаралары бойынша Комиссия Алқасы ұсынымының жобасын дайындау мәселесін пысықтайды.