ЕЭК штаб-пәтерінде ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Сергей Шкляевтің Өзбекстан Республикасы Экономика және қаржы министрлігі жанындағы Кеден комитетінің төрағасы Акмалхужа Мавлоновпен жұмыс кездесуі болып өтті.
Тараптар Комиссия мен Өзбекстан Республикасының кеден органдары арасындағы кедендік ынтымақтастық саласындағы неғұрлым өзекті жобаларды практикалық іске асыру бағыттарын талқылады.
Сондай жобалардың бірі – елдердің кеден қызметтері арасында ЕАЭО мен Өзбекстан Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы өзара ақпарат ауысуды ұйымдастыру.
Сергей Шкляев мұндай жұмысты бастауға Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2025 жылғы желтоқсандағы шешімімен жол ашылғанын еске салып өтті. Тиісті халықаралық шарт жобасын дайындау дәрежесі жоғары, келіссөздер 2026 жылғы қыркүйек-қазан айларында басталады деп күтілуде.
"Келісімді іске асыру кедендік рәсімдерді жеделдетуге және оңайлатуға, кедендік бақылаудың тиімділігін арттыруға жәрдемдесетін болады. Ақпарат ауысу сыртқы сауда статистикасындағы алшақтық санын азайтуға, құқық бұзушылықты анықтау мен алдын ала ескертуді жеңілдетуге, сондай-ақ кеден органдары арасындағы өзара сенімді нығайтуға мүмкіндік береді деп күтеміз", – деп атап өтті Сергей Шкляев.
Тараптар ЕАЭО мен Өзбекстан Республикасының транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың және үшінші тараптың (үшінші тараптардың) кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісімнің күшіне енуін ескере келгендегі, бұдан арғы қадамдарды талқылады.
Кездесу барысында ЕЭК министрі тауарлар тасымалын қадағалап отыру үшін навигациялық пломбаларды қолдану нәтижелеріне жан-жақты тоқталды. 2026 жылғы ақпаннан бері пломбалар 70 мыңнан астам рет қолданылды, ал 31 шілдеде навигациялық пломбалардың қолданылу аясы барлық автомобиль көлігі тасымалына және теміржол көлігіне арналған тауарлардың қосымша санаттарына арналып кеңейтілді. Бұдан басқа, навигациялық пломбаларды қолдану талап етілмейтін кездегі алып қою тізбесі өзектілендірілді.
"Біз Одаққа мүше елдердің навигациялық пломбаларды қолдану тәжірибесімен бұдан да жете таныстыруды ұйымдастыруға дайынбыз. Бұл, әсіресе, навигациялық пломба – ЕАЭО кедендік транзитінің бірыңғай жүйесі элементтерінің бірі болып табылатындығы тұрғысында айрықша өзекті", – деп атап көрсетті ЕЭК министрі.
Кездесу соңында Сергей Шкляев Өзбекстан Республикасының кеден органдарындағы цифрлық дамудың жоғары деңгейін атап өтіп, Өзбекстан Республикасындағы кедендік әкімшілендірудің озық технологияларымен танысуға мүмкіндік жасағаны үшін А.Ю. Мавлоновқа алғысын білдірді.
Өзбекстан Республикасы ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесіне ие, басты интеграциялық жобаларға деген жоғары қызығушылық танытып келеді және Одаққа мүше елдердің мағыналы сауда әріптесі болып табылады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 25% өсіп, $20 млрд-тан асты. ЕАЭО-ның Өзбекстанның жалпы тауар айналымындағы үлесі 25%-ға дерлік, ал экспорты 30% шамасына жетті.