Жаңалықтар

06.12.2022 (Обновлено: 13.12.2022 12:00)

ЕЭК-те Одақ елдерінің жедеғабыл жүктерге және халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік операциялар жасау жөніндегі бастамалары талқыланды

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік органдары мен бизнес-қоғамдастығының өкілдері Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры Сергей Владимировтың төрағалық етуімен өткен бейінді жұмыс тобының отырысында ЕАЭО мемлекеттерінің тауарлардың осы санатын декларациялауды жетілдіруіне мүмкіндік беретін бастамалары талқыланды.

 Сарапшылар тауардың орналасқан орны туралы мәліметтерді көрсетуге қатысты Ресей Федерациясы дайындаған Комиссия шешімінің жобасымен тұтастай келісті.

"Ұсыныс кедендік процестерді автоматтандыруға және жедеғабыл жүктерге қатысты тауарларды қашықтан шығару технологиясын қолдану мүмкіндігіне бағытталған",- деп атап өтті Сергей Владимиров.

Отырыс барысында сондай-ақ жедеғабыл жүктерге арналған декларацияны және бұрын Беларусь Республикасы бастамашылық жасаған пилоттық жобаны жүргізу кезінде қолданылатын, бергенге дейін тауарлар шығару туралы өтінішті толтыру қағидаларын өзгерту келісілді.

"Өзгерістер эксперименттің шынайы жағдайларға бейімделу қажеттігіне негізделген, бұл регламенттеуші актілерге түзетулер енгізуді талап етеді. Жаңа нормалар бұрын кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылған электрондық сауда тауарларын бақылаудан автоматтандырылған алып тастау ықтималдығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді",- деп толықтырды Сергей Владимиров.

 


текст

Анықтама

Комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде сыртқы электрондық сауда саласында пилоттық жобаны (экспериментті) жүргізудің жекелеген мәселелері туралы» № 7 өкіміне сәйкес Одақ елдерінде 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта (ұзарту мүмкіндігімен) тиісті пилоттық жоба (эксперимент) жүргізіледі.

Комиссия Алқасының 2021 жылғы 3 тамыздағы "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тауарлармен сыртқы электрондық сауда саласындағы пилоттық жобаны (экспериментті) жүргізу шеңберінде бұрын кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылған электрондық сауда тауарларын ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған кезде жедеғабыл жүктерге арналған тауарларға арналған декларацияны толтыру ерекшеліктері туралы" № 94 және

"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тауарлармен сыртқы электрондық сауда саласындағы пилоттық жобаны (экспериментті) жүргізу шеңберінде декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті толтыру ерекшеліктері туралы" №95 шешімдерімен сыртқы электрондық сауда саласындағы пилоттық жоба (эксперимент) шеңберінде кедендік құжаттарды толтыру қағидалары айқындалған.

Комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы "Тасымалдаушы жедеғабыл жүк ретінде жеткізетін, жолаушы кедендік декларациясын пайдалана отырып, жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау туралы" №158 шешімімен жедеғабыл жүктер үшін жолаушы кедендік декларациясының нысаны мен толтыру тәртібі бекітілді және оны қолдану жағдайлары айқындалды.