Жаңалықтар

14.03.2023 (Обновлено: 16.03.2023 09:17)

ЕЭК-та өнеркәсіптік тауарлардың Еуразиялық тізілімінің мүмкіндіктері туралы айтылды

ЕАЭО мемлекеттерінің өнеркәсіптік тауарларының Еуразиялық тізілімінің өзекті мәселелерін «Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттік сатып алу нарығына шығу» семинар-талқылауына қатысушылар талқылады. Кәсіпкерлерге арналған ЕЭК-тің Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрлігімен және СӨП-пен бірлесіп ұйымдастырған семинары You-Tube арнасында ашық трансляциямен онлайн-форматта өтті.

2021 жылғы сәуірде ЕЭК Кеңесі бекіткен Мемлекеттік сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына сәйкес Комиссияның ақпараттық ресурсы – Қағидаларда белгіленген критерийлерге сәйкес келетін тауарлар мен олардың өндірушілері туралы ақпарат енгізілетін өнеркәсіптік тауарлардың Еуразиялық тізілімі іске қосылды. Тізілімде бар тауардың ЕАЭО-да өндірілгенін және Одақтың барлық мемлекеттерінің сатып алуларына кедергісіз қатыса алатынын растайды.

Бүгінгі таңда Еуразиялық тізілімге Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің 90 өндірушісінің 8978 өнеркәсіптік тауарлары туралы мәліметтер енгізілген.

ЕЭК Мемлекеттік сатып алу саласындағы бәсекелестік саясат және саясат департаменті директорының орынбасары Павел Жуковский қатысушыларға тізілімді жасау тәртібі, оған тауарлар мен олардың өндірушілері туралы мәліметтерді енгізу туралы айтып берді, бұл үшін қажетті құжаттарды қалай дұрыс рәсімдеу керектігін және оларды алу үшін қандай талаптар бар екенін түсіндірді.

Іс-шараның трансляциясын келесі сілтеме бойынша көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=WbLwc3rLrTs