22 сәуірде ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьевтің төрағалық етуімен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы жанындағы Статистика жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында статистика саласында Еуразиялық интеграцияны дамыту перспективалары қаралды.
Еуразиялық экономикалық одақтың 2026-2030 жылдарға арналған статистикасы саласындағы интеграцияны дамыту бағдарламасының тұжырымдамасын әзірлеу туралы мәселеге баса назар аударылды. "2025 жылы ЕАЭО статистикасы саласында интеграцияны дамытудың қолданыстағы бағдарламасы аяқталады. Қазірдің өзінде біздің мүше мемлекеттермен бірлескен іс-қимылымыздың алдағы басымдықтарын айқындаған маңызды", – деп атап өтті Сергей Глазьев.Осы саладағы іс-қимылдың стратегиялық жоспарын әзірлеу және 2030 жылға дейінгі дамудың жол картасын қалыптастыру мақсатында Консультативтік комитет мүшелері үстіміздегі жылғы 15-16 мамырда Мәскеуде өтетін "2030 жылға дейінгі ЕАЭО статистикасын дамытудың стратегиялық векторлары" халықаралық семинарында пікір алысып, тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап көрсетті.
Одақ елдерінің 2023 жылғы экономикалық және әлеуметтік-демографиялық статистика жөніндегі уәкілетті органдары қабылдайтын нормативтік құқықтық актілердің мониторингі туралы баяндама тыңдалды.
Мүше мемлекеттер арасындағы сыртқы сектордың статистикалық деректерін "айналы" салыстырудың қорытындылары талқыланды. "Айналы" айырмашылықтарды азайтудың оң мысалдары атап өтілді, екіжақты елдік салғастырудағы тұрақсыз нәтижелер туралы ақпарат келтірілді. Отырысқа қатысушылар ЕАЭО статистикасын дамытудың 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық құжаттарын дайындау кезінде төлем балансының "айналы" статистикасын жақсарту жөніндегі ұсыныстар мен іс-шараларды жақын арада ізеуіртті талқылау туралы шешім қабылдады.
Бұдан басқа, 2025-Стратегиясын және ЕАЭО статистикасы саласындағы интеграцияны дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2023 жылға арналған іс-қимыл жоспарын іске асыру қорытындылары қаралды.
Статистика жөніндегі консультативтік комитеттің келесі отырысын 2024 жылғы қазан айында өткізу жоспарланды.