Өнеркәсіпте кооперацияға қаржылай жәрдемдесу механизмін іске асыру, Еуразиялық технологиялық платформалар мен мемлекетаралық бағдарламалардың жұмысын жетілдіру, өнеркәсіптік саясат шараларын жүзеге асыру кезінде тұйықты тауарларға қатысты міндеттемелердің мониторингі, сондай-ақ шикізаттық емес, жоғары технологиялық өнімдердің бірлескен экспорты мәселелері Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында талқыланды.
Консультативтік комитет мүшелері Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мұнай-газ жабдықтарын өндіру саласындағы кооперациялық ынтымақтастықты дамыту туралы ұсынымының жобасын, шикізаттық емес, жоғары технологиялық өнімдерді бірлесіп экспорттау үшін перспективалы нарықтар мен өнеркәсіп салаларын талдау қорытындыларын және "Робототехника" Еуразиялық технологиялық платформасын құруды мақұлдады.
Отырысқа қатысушылар Өнеркәсіп салаларында кооперациялық жобаларды іріктеу туралы ереженің қолданыстағы нормаларын одан әрі жетілдіру тәсілдемелерін мақұлдады.
"Мүше мемлекеттердің іскер топтарының белсенді қатысуы Еуразиялық технологиялық платформалар мен мемлекетаралық бағдарламалардың әлеуетін дамытуды қамтамасыз етеді", — деп атап көрсетті ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян.