V Еуразиялық экономикалық форум тіркеудің басталғаны туралы хабарлайды

2026 жылғы 28-29 мамырда Астана қаласында (Қазақстан Республикасы) Астана Конгресс-орталығының (EXPO Іскерлік кешені) алаңында өтетін V Еуразиялық экономикалық форумға (ЕЭФ-2026) қатысушыларды тіркеу басталады.

Форумның басты тақырыбы – «ЕАЭО жаһандық цифрлық жарыста: жасанды интеллектіге басымдық беру».

ЕЭФ-2026 бағдарламасы шамамен 30 іс-шарадан тұрады, олар 4 тақырыптық блокқа топтастырылған:

·         ЕАЭО нарығын дамытуды трансформациялау;

·         Еуразиялық сабақтастық;

·         Форум алаңындағы іс-шаралар;

·         ЕАЭО+

 

Іс-шара 2026 жылы Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық ету аясында өтеді.

Форумның басты оқиғасы ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары қатысатын пленарлық отырыс болмақ.

Форум аясында бизнестің практикалық мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады. Арнайы көрме-жәрмеңке мен мазмұнды іскерлік бағдарлама жоспарланған.

ЕЭФ-2026 бағдарламасымен толығырақ сайттан танысуға болады. 

Еуразиялық экономикалық форум Еуразиялық экономикалық одақтың Одақ органдарында – Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте, Еуразиялық үкіметаралық кеңесте және ЕЭК Кеңесінде төрағалық ететін ЕАЭО мемлекетінде кезекпен өткізілетін жыл сайынғы іскерлік іс-шара болып табылады. Форум ЖЕЭК-тің 2019 жылғы 1 қазандағы № 16 шешімі негізінде өткізіліп тұрады.

Іс-шара оған мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің ірі, орта және шағын бизнес басшыларының, мемлекеттік билік органдарының басшылары мен өкілдерінің, Одақ аясындағы өзара іс-қимылды дамытуға мүдделі халықаралық ұйымдардың өкілдерінің қатысуына бағытталған.

I Еуразиялық экономикалық форум 2022 жылы мамыр айында Бішкек қаласында өтті.

II Еуразиялық экономикалық форум 2023 жылы мамыр айында Мәскеу қаласында өтті.

III Еуразиялық экономикалық форум 2024 жылғы 30 қыркүйек – 1 қазан аралығында Ереван қаласында өтті.

IV Еуразиялық экономикалық форум 2025 жылғы 26-27 маусымда Минск қаласында (Беларусь Республикасы) өтті.

2026 жылы Форум Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласында өтеді.