Комиссияда ЕАЭО елдерінің Қытаймен сауда мүмкіндіктерін кеңейту бойынша семинар өтті
24.10.2025
Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде Қытай Халық Республикасымен сауданы одан әрі дамыту мүмкіндіктерін қарастыру бойынша семинар өтті, оған Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік билік органдары мен бизнесінің өкілдері, сондай-ақ сарапшылар қатысты.

"Қытай ЕАЭО-ның қарымды әріптесі болып табылады, оның үлесіне біздегі бүкіл сыртқы әлеммен тауар айналымының үштен бірі тиесілі. Өнеркәсіп өнімдері мен халық тұтынатын тауарлар позициясының айтарлықтай саны бойынша Қытайдың импорттағы үлесі айқындаушы болып табылады. Осымен бір мезгілде, Қытай нарығы біздің экспорттаушылар үшін өте-мөте маңызды", – деп атап көрсетті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.

Кездесуге қатысушылар қарашаның бірінші жартысында Мәскеуде Еуразиялық экономикалық одақ пен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі Бірлескен комиссияның ЕЭК министрі тең төрағасы болып табылатын кезекті отырысы өтетіні туралы хабардар етілді. Семинар материалдарын іс-шараны дайындау кезінде пайдалану жоспарлануда.

Сөз сөйлеушілер Қытаймен саудадағы негізгі тежегіш факторлардың ішінде қаржылық-есеп айырысу және техникалық тосқауылдардың болуын, стандарттау, санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану, кедендік ресімдеу және логистика мәселелеріне, сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуына қатысты мәселелерді атап өтті. Бұл ретте кәсіпкерлік қоғамдастық тарапынан шағымдардың жалпы санының айтарлықтай төмендеуі байқалды.

Скачать исходники фотографий