Іс-шараның салтанатты ашылу рәсіміне ЕЭК Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.
ЕЭК Алқасы басшысының сөзінше, Комиссияның мерейтойлық спартакиадасы көптеген қатысушыны жинаған нағыз спорт мерекесіне айналды.
"Спартакиада — бұл жай ғана жарыс пен саламатты өмір салтын насихаттау емес, бұл — біріктіруші фактор. Бәріміздің тығыз топтасқан бір команда екендігіміз қуантады", — деп атап көрсетті ЕЭК Алқасының Төрағасы.Бүгінгі әділ спорттық сайысқа Еуразиялық экономикалық одақтың бес елінің жанкүйер-өкілдерін қоса, Комиссияның 400-ден астам қызметкері күш сынасуға келді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, қатысушылардың қызығушылығы өзгермеді. Бұл күні көптеген қатысушы өз балаларының жылы қолдауын сезінді. Қатысушылар арасында өткен турнирлердің чемпиондары да, өз күштерін алғаш рет сынап көргендер де болды.
Спартакиада өткізілген бес жыл ішінде командалық және жеке жарыс түрлерін қоса, жалпы спорт түрлерінің саны 26-ға дейін жетті. Бұл — шағын футбол, баскетбол, волейбол, бадминтон, үлкен теннис, шахмат, дартс, кросс, эстафета, арқан тарту, сондай-ақ әлуетті түрлер (кеудені жерден көтеру, тартылу, гір спорты) және басқалар.
ЕЭК спартакиадасының ойындары табанды да бәсекелі сайыс болып өтті. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетті, ал бірқатар спорт түрі бойынша өткен жылдардағы спартакиаданың рекордын жаңартты.
Жарыс қорытындысы таяу күндері жарияланады. Сонымен қатар, күші, табандылығы мен командалық рухы үшін Спартакиаданың барлық қатысушысын жеңімпаз деп атауға болар еді.