Басты бет
/
Жаңалықтар
/
ЕАЭО шеңберінде мемлекеттік сатыпалым мақсаты үшін банк кепілдіктерін танудың құқықтық механизмі құрылды
ЕАЭО шеңберінде мемлекеттік сатыпалым мақсаты үшін банк кепілдіктерін танудың құқықтық механизмі құрылды
10.12.2025
Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович ЕЭК Алқасының отырысында мемлекеттік (муниципалдық) сатыпалымды жүзеге асыру кезіндегі банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді іске асыру барысы туралы хабарлады.
"Келісім осы жылғы 13 ақпанда күшіне енді. Ол әлеуетті өнім берушілер мен Еуразиялық экономикалық одақтың бір елінің аумағында тіркелген өнім берушілердің ЕАЭО-ның басқа елінде өткізілетін мемлекеттік сатыпалымға қатысуына кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған", – деп атап өтті ЕЭК министрі.
Бұл халықаралық шарт басқа мүше мемлекеттің аумағында мемлекеттік сатыпалымға қатысу үшін бір мүше мемлекеттің банктері берген банк кепілдіктерін пайдалану мүмкіндігінің болмауына байланысты Одақтың ішкі нарығындағы шектеулерді жою мақсатында әзірленді.
Сондай-ақ, Келісіммен бір мезгілде оны іске асыруға бағытталған ЕЭК Кеңесінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 87 шешімі күшіне енді, онда Келісім мақсаты үшін ақпарат ауысу тәртібі мен банктерді іріктеу критерийінің тізбесі бекітілген.
"Келісімді іске асыру үшін Одақтың әрбір елі уәкілетті органды айқындады. Бұл Арменияда, Қазақстанда, Қырғызстанда және Ресейде Қаржы министрліктері, Беларусьте – Ұлттық банк", – деди хабарлады Максим Ермолович.
Сөйтіп, ЕАЭО шеңберінде Одақ құқығындағы шектеуді жоя отырып, мемлекеттік сатыпалым мақсаты үшін банк кепілдіктерін танудың құқықтық механизмі құрылды.