Одақта ветеринариялық бақылау жүйесін цифрландыру жалғасуда

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде мемлекеттік ветеринариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын органдардың ақпараттық өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ жануарлар мен жануарлардан алынатын өнімдерді қадағалап отыру кезіндегі цифрландыру мәселелері 17 қыркүйекте Сочиде "Ветеринариялық бақылау жүйесін цифрлық трансформациялау және бақылаудағы өнімді ЕАЭО нарығына жіберу: құқықтық негіздері, практика және перспективалары" дөңгелек үстелінде талқыланды.

Еуразиялық экономикалық комиссияның министрі Валентин Татарицкий Одақ елдерінің ынтымақтастығы интеграцияланған ақпараттық жүйе шеңберінде ортақ процестерді іске асыру жолымен жүреді, оны пайдалану мүше мемлекеттердегі әртүрлі ведомстволық ақпараттық жүйелердің үйлесімділігін және электрондық деректер алмасу рәсімдерін біріздендіруді қамтамасыз етеді деп атап көрсетті.

Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкий: "Одақта цифрлық күн тәртібінің мақсаттарына қол жеткізу тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің, капитал мен еңбек ресурстарының еркін қозғалысын жеделдетуге, цифрлық қайта құру есебінен шаруашылық жүргізуші субъектілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, толассыз і цифрлық процестер негізінде мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің кооперациясына әкеледі", — деп сенім білдірді.

Пікірсайысқа қатысушылар, атап айқанда, деректерді өңдеу және ветеринариялық-санитариялық сараптама мен ветеринариялық қызмет бақылайтын тауарлардың зертханалық зерттеулерінің нәтижелерін беру тұрғысынан ақпараттық жүйелердің зор маңыздылығын атап өте келіп, электрондық ветеринариялық сертификаттаудың артықшылықтары мен кемшіліктерін қарады.

Дөңгелек үстелге Ресей ұлттық "Союзмолоко" сүт өндірушілер одағының бас директоры Артем Белов, биология ғылымдарының докторы, "Россельхознадзор" басшысының кеңесшісі Николай Власов, Беларусь Республикасы Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігі Ветеринариялық және азық-түлікті қадағалау департаментінің халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы Сергей Колпаков, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің шекарадағы және көліктегі ветеринариялық бақылау басқармасының сарапшысы Айым Қоңыршаева және басқалар қатысты.