Жаңалықтар

27.10.2021 (Обновлено: 30.03.2022 16:15)

ЕАЭО елдерінде КҚП-ны 2022 жылғы 1 қарашаға дейін қағаз нысанда да, электрондық нысанда да ресімдеуге болады

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде өздігінен жүретін машиналарға және техниканың өзге түрлеріне арналған паспорттарды ресімдеу 2022 жылғы 1 қарашаға дейін бірыңғай қағаз нысанында да, электрондық түрде де жүзеге асырылуы мүмкін. Тиісті ЕЭК Алқасының № 141 шешімі 26 қазанда қабылданды.

ЕЭК-тің Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті директорының орынбасары Виген Енокян атап өткендей: 

«Мерзімін бір жылға ауыстыру КҚП-ның бірыңғай нысандарын енгізу туралы келісімге қатысушы елдерге оларда қазірдің өзінде қалыптастырылған электрондық паспорттар жүйесінің интеграциясын қамтамасыз етуге және тиісті құжаттарды ресімдеу кезінде жүйелерге қатысушылардың өзара іс-қимылын автматтандыруға мүмкіндік береді».

 Анықтама:

Көлік құралдары паспортының (көлік құралы шассиінің паспортының) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа техника түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйесін ұйымдастыру туралы келісімге 2014 жылғы 15 тамызда қол қойылды.

Өздігінен жүретін машиналар мен басқа техника түрлері паспортының бірыңғай нысаны ЕЭК Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 100 шешімімен бекітілді.