Жаңалықтар

21.07.2022 (Обновлено: 01.08.2022 10:28)

ЕАЭО елдерінде Еуразиялық экономикалық одақ күні белгіленді

ЕАЭО елдерінің көшбасшылары Еуразиялық экономикалық одақ күнін белгіледі, енді ол жыл сайын 29 мамырда атап өтілетін болады.

 

Биылғы мамырда Бішкекте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық бестік басшылары Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың 29 мамырды Еуразиялық экономикалық одақ күні ретінде айқындау туралы ұсынысын бірауыздан қолдады.

2014 жылы осы күні Қазақстан Республикасының астанасында ЕАЭО туралы шартқа қол қойылды.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің өкімінде атап өтілгендей, мұндай күнді белгілеу ынтымақты нығайтуға және одақтық мемлекеттер арасында ынтымақтастықты тереңдетуге жәрдемдеседі.