Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкий Минскіде өткен "Антиконтрафакт-2025" XIII халықаралық форумының пленарлық отырысында өнімнің заңсыз айналымына қарсы тұруға бағытталған реттеу шараларын әзірлеудегі әртүрлі сала мен құзыреттің өзара байланысын және олардың арасындағы бірыңғай техникалық реттеу жүйесінің орнын баса көрсетті.
ЕЭК министрі Еуразиялық экономикалық одақта қабылданған 52 техникалық регламенттің 48-і және олармен байланысты 8800-ден астам мемлекетаралық және ұлттық стандарт өнімнің ортақ нарығы үшін негіз құра отырып, қазірдің өзінде ЕАЭО елдерінің өнеркәсібі мен бизнесінде қолданылып жатқанын мәлімдеді.
Ол Одақтық нарыққа жосықсыз өндірушілер мен қауіпсіз емес өнімдерді жібермеуге ықпал ететін жұмысқа толығырақ тоқталды."Қауіпсіздіктің жоғары деңгейін сақтау және ғылымның, технологиялардың, өндірістердің, сынақ базасының қазіргі заманғы даму деңгейіне сәйкес келу үшін Одақ құқығына техникалық регламенттердің ғылыми-техникалық деңгейін бағалауды жүргізу механизмі ендірілді. 2029 жылға дейін біз Одақтың 29 техникалық регламентін бағалауды жоспарлап отырмыз", - деп атап көрсетті ЕЭК министрі.
Міндетті талаптардың сақталуын мемлекеттік қадағалау туралы айта келе, ол елдер деңгейінде олардың қадағалау саясатын іске асыруға бірден бірнеше реттеуші тартылғанына назар аударды. Қазіргі уақытта олардың Одақ мемлекеттеріндегі жалпы саны - 35."2025-Стратегиясын іске асыру кезеңінде сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органдардың, сынақ зертханаларының қызметін жақсарту бойынша аккредиттеу саласында үлкен жұмыс атқарылды. Одақтың бірыңғай тізілімінде осындай 2800 ұйым бар. Біз қазір ұлттық аккредиттеу органдары жосықсыз зертханалар мен сертификаттау органдарын тізілімнен алып тастайтынын көріп отырмыз, елдермен осындай тізілімге кіру критерийлерін қатаңдату бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Дәл қазір Комиссия алаңында осы ұсыныстар талқылануда", - деп атап өтті Валентин Татарицкий.
Оның пікірінше, нарықтағы өнімнің айналысын қадағалау органдарының қызметі жандана түсті. Мұны Комиссияға өзара іс-қимылдың белгіленген деңгейі шеңберінде Одақ елдері техникалық регламенттерінің талаптарының сақталуын бақылау мен қадағалаудың ұлттық органдарынан келіп түсіп жатқан мәліметтер растайды. Бұл ретте спикер оны дамыту жөніндегі, соның ішінде екі бейіндік: өнімнің жалпы қауіпсіздігі туралы және техникалық регламенттерді мемлекеттік қадағалаудың жалпы қағидаттары мен тәсілдемелері бойынша келісім шеңберіндегі жұмыстар кешенін атап өтті.
ЕЭК министрі Одақ нарығын сәйкес келмейтін өнімдерден тиімді қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша диалогты қолдау қажеттігіне айрықша назар аударды."Біз бес елдің қадағалау органдарының қадамдас және жедел ден қою механизмі бойынша көп те жүйелі жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінгі таңда олардың арасындағы өзара іс-қимылдың сауатты схемасын құру өте маңызды", – деп сенім білдірді Валентин Татарицкий.
Сөзін қорытындылай келе, Валентин Татарицкий мүдделі барлық адамды сәйкестікті бағалау саласына жаңа көзқарастың тәуекелі мен артықшылығын жан-жақты талдауды қамтамасыз ету үшін тиісті талқылауларға қосылуға шақырды. Бұл қауіпсіз емес және контрафактілік өнімдерге қарсы күрестің тиімділігін арттыру үшін қажет."Сұрқай" бизнеске қарсы күресте сәйкестікті бағалау құралдарын, соның ішінде объективті түрде қажет болатын осындай бағалау нысандарын қатаңдату арқылы қолдану қажет. Спикер аталған жұмыстардың барлық бағыты 2030-Декларациясын іске асыру жоспарында көзделгенін еске сала отырып, мұндай қажеттілік техникалық регламенттерді сәйкестікті бағалаудың жаңа үлгілік схемаларына сәйкестендіру кезінде талданады",- деп тиянақтады.