Валентин Татарицкий: "ЕАЭО елдері цифрлық экономиканың жаңа шындығында азаматтардың құқықтарын қорғау үшін сенімді әріптестік көрсетіп отыр"
06.08.2025
6 тамызда Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкийдің төрағалық етуімен болып өткен бейінді Консультативтік комитеттің отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы келісілген саясатын іске асыру, сондай-ақ азаматтардың мүдделерін қамтамасыз ету үшін халықаралық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары қаралды.

ЕЭК министрі Біріккен Ұлттар Ұйымының тұтынушылардың құқықтарын ресми танығанына және оларды қорғаудың халықаралық қағидаттарын белгілегеніне биыл қырық жыл толғанын еске салды. "Қазіргі заманғы технологиялық өзгерістер жағдайында ЕАЭО елдері тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, олардың мүдделерін қорғау саласындағы ынтымақтастықты белсенді дамытуды жалғастыруда", – деп атап көрсетті Валентин Татарицкий.
Отырысқа қатысушылар 2024 жылы Одақ мемлекеттерінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасын орындау нәтижелерін қарады. Талқылау қорытындысы бойынша баяндама мақұлданды, ол Комиссия Алқасының қарауына жіберілетін болады.

ЕАЭО елдерінің таяудағы жылдарға арналған бірлескен іс-қимылының жаңартылған салалық бағдарламасын дайындау барысы қаралды. Жаңа құжаттың негізгі бағыттарының ішінде азаматтардың тұтынушылар құқықтарын қорғаумен айналысатын мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарға деген сенім деңгейін арттыру, цифрлық технологияларды дамыту, сауда мен көрсетілетін қызметтерде инновациялық шешімдер мен интеллектуалдық сервистерді ендіру сияқты басымдықтар бөліп көрсетілген.

Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығына (АСЕАН) және Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің мемлекеттік органдарының өкілдері үшін тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселесі бойынша тәжірибе алмасу жөнінде бірінші салалық семинар өткізу мақұлданды.

ЕЭК министрі тиімді механизмдер әзірлеу және Одақтың бүкіл кеңістігінде тұтынушылар құқықтарын қорғаудың тең мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін әлемдік тәжірибе мен мүше мемлекеттердің үздік ұлттық тәжірибелерін қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Скачать исходники фотографий