Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкий Сочиде өткен ЕАЭО Азық-түлік конгресі өңірлерінің III сүт форумында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қабылданған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы бірыңғай реттеу жүйесі, стандарттаудың рөлін күшейту қажеттігі, ортақ нарықты қауіпсіз емес өнімдерден қорғаудың маңыздылығы туралы айтып берді.
Валентин Татарицкий ЕАЭО техникалық регламенттерінде сүт өнімдеріне, оны өндіру, таңбалау, өткізу процестеріне міндетті талаптарды белгілеу мәселесін жеке айтып өтті, оларға қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша енгізілген өзгерістер мен жаңа талаптар туралы хабарлады. ЕЭК министрінің сөзінше, бұл осындай тауарлардың Одақ аумағы бойынша еркін қозғалу мүмкіндігін қамтамасыз етеді."Тамақ өнімдеріне қойылатын бірыңғай міндетті талаптарды белгілеу саудадағы техникалық тосқауылдарды алып тастауға, экспортқа бағдарланған және инновациялық өнім өндіру жағдайын жасауға ықпал етеді", — деп атап көрсетті ЕЭК министрі.
Сауданың жаһандануы және онымен байланысты тәуекелдер жағдайында сүт өнімдерін қоса, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі Еуразиялық экономикалық одақта СФС шараларды әзірлеу және қолдану болып табылады.
"СФС шаралар саласында құрылған бірыңғай нормативтік құқықтық базаны өзектілендіру жұмысы жүйелі негізде жалғасуда", – деп түйіндеді Валентин Татарицкий.
Форумды Оңтүстік сүт одағы ұйымдастырды. Дәстүр бойынша, оның қатысушылары Ресей өңірлеріндегі сүт саласының және бейінді мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылады.
Форум барысында 11 қыркүйекте ЕЭК Техникалық реттеу блогы департаменттерінің қызметкерлері дөңгелек үстел шеңберінде сүтті мал шаруашылығы саласын жоспарлау кезінде азық-түлікті қадағалап отыру және ветеринариялық тәуекелдерді басқару жүйелерін дамытудың өзекті мәселелерін талқылауды ұйымдастырады.