Жаңалықтар

16.05.2022 (Обновлено: 25.05.2022 15:57)

Варос Симонян мен Арзыбек Кожошев Одақтың ішкі нарығын дамыту перпспективаларын талқылады

13 мамырда Бішкекке жұмыс сапары шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Варос Симонян Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының бірінші орынбасары Арзыбек Кожошевпен кездесті. Кездесу Бішкекте 27 мамырда жоспарланған ЕАЭО мемлекеттері басшыларының қатысуымен өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының қарсаңында болып өтті. Тараптар ішкі нарықтың кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жетілдіру, сондай-ақ ЕАЭО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту мәселелерін талқылады.

Варос Симонян атап көрсеткендей, Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілерді жоюға көп назар аударып отыр.

«Қазір, халықаралық сауда елеулі қиыншылықтарға, қожыраушылық тәуекелдерге тап болып отырған кезде, өте жедел әрі бейстандарт шешімдер қабылдау қажет. Өзекті міндеттердің бірі — тауарлардың, жұмыс күшінің, көрсетілетін қызметтердің және капиталдың еркін қозғалысы жолындағы қазіргі бар кедергілерді дәйекті жою ғана емес, сонымен бірге жаңаларының пайда болуына жол бермеу болып табылады. Жайсыздау жағдайларда бізге ішкі нарықтағы жұмысымызды ұдайы жетілдіріп отыруымыз, бәсекеге қабілеттілігімізді сақтап қана қоймай, оны еселей түсу үшін пайда болатын сын-қатерлерге жедел ден қоюдың тиімді шаралары мен механизмдерін тұжырымдауымыз қажет», — деді Варос Симонян.

Сапар барысында Варос Симонянның Қырғыз Республикасының Цифрлық даму министрі Талантбек Имановпен де кездесуі болып өтті. Тараптар 2022 жылғы ақпанда Одақ елдерінің Премьер-министрлері мақұлдаған ЕАЭО цифрлық күн тәртібін іске асыру мәселелері мен ЕАЭО ИАЖ іске асырудың тәсілдемелерін жетілдіру перспективаларын талқылады.

ЕЭК министрінің пікірінше, ЕАЭО ішкі нарығын нығайту мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін, бәрінен бұрын елдер бірінші кезектегі деп айқындаған жалпы интеграциялық процестерді ұштастыруға да ықпал ететін болады.

ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі