Варос Симонян: "ЕАЭО тұрғысындағы цифрлық егемендік цифрлық тәуелсіздікті ортақ күш-жігермен құруды білдіреді"
14.08.2025
14 тамызда Бостеріде (Қырғызстан) өткен VII Қырғыз-Ресей экономикалық форумының "Цифрлық егемендік — ЕАЭО-дағы тұрақты өсу және технологиялық кооперацияның факторы" пленарлық отырысының талқылау нысанасы цифрлық дамудың басымдықтары мен осы саладағы ынтымақтастықты тереңдету шаралары жайында болды. Отырыс модераторы ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Варос Симонян болды.

"Цифрлық егемендік — бұл мемлекеттің өзінің цифрлық ағындарын, деректері мен инфрақұрылымын бақылау қабілеті ғана емес, сонымен қатар цифрлық кеңістікте өзінің ойын ережелерін қалыптастыру мүмкіндігі. Бұл ретте сөз оқшаулау туралы емес, тұрақты экономикалық өсудің, инновацияның және орнықты интеграцияның негізі бола алатын жалпы, қорғалған және технологиялық жағынан сыйысымды цифрлық кеңістікті құру туралы болып отыр", — деп атап өтті Варос Симонян.

Іс-шараға қатысушылар ЕАЭО елдері үшін цифрлық егемендіктің неғұрлым маңызды элементтерін, даму институттары тарапынан қолдау шараларын және бизнесті цифрлық трансформациялаудың Одақ деңгейінде ауқымдандыруға болатын таңдаулы практикасын талқылады.

Қырғыз Республикасының Цифрлық даму және инновациялық технологиялар министрі Азамат Жамангулов ЕАЭО қызметінің маңызды қорытындылары арасынан экономикалық интеграцияны тереңдетуге және Одақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін электрондық құжаттар мен электрондық қолтаңбаларды өзара тануды дамытуды баса көрсетті.

Татарстанның Райысы (Ресей Федерациясы) Рустам Минниханов әлемдік ауқымдағы оқиғаларды (БРИКС саммитін және басқаларды) өткізудің табысты тәжірибесін ескере отырып, киберқауіптерді болдырмау орталықтарының рөлін атап өтті және әріптестеріне киберқауіпсіздікті ұйымдастыру бойынша тәжірибе ауысуды ұсынды.

Бүгінде ЕАЭО елдері өзіндік цифрлық экожүйелерді дамыту, отандық шешімдерді ендіру және технологиялық кооперацияны күшейту қажет екендігіне тап болып отыр. Бұл постулаттардың бәрі де "бестік" елдерінде жүзеге асырылатын "Digital Union" тұжырымдамасында қатталған. Тұжырымдама төрт "еркіндік" шеңберінде цифрлық ортаны құруға бағытталған және елдік цифрлық егемендікті ешқандай кемсітпейтін 3 негіз қалаушы қағидатқа: сыйысымдылыққа, қадамдастаруға және интеграциялыққа негізделген.

"Біз елдердегі цифрландырудың қандай қарқынмен дамып жатқанын көріп отырмыз. ЕАЭО-дағы цифрлық егемендік — ынтымақтастықтың баламасы емес. Бұл — оның жаңа негізі. Орнықты өсу, технологиялық серпіліс және шын мәніндегі экономикалық интеграция үшін негіз", — деп түйіндеді ЕЭК министрі.

ЕАЭО елдерінің ресми адамдары мен бизнес-миссияларының өкілдері Іс-шара спикерлері болды. Олар — Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының бірінші орынбасары, ЕЭК Кеңесінің мүшесі Данияр Амангелдиев, Ресей-Қырғыз Даму қорының басқарма төрағасы Артем Новиков, "Газпромбанк" АҚ бірінші вице-президенті Олег Мельников, "Альфа Телеком" ЖАҚ бас директоры Эльнар Субакожоев, сондай-ақ Касперский зертханасының мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі вице-президенті Юлия Шлычкова.

Қырғыз-Ресей экономикалық форумы — экономикалық дамудың өзекті мәселелерін талқылауға, тәжірибе ауысуға және Ресей Федерациясы мен Қырғыз Республикасының билік және бизнес өкілдері арасында ұзақ мерзімді әріптестік қатынастар орнатуға арналған орталық алаң.

VII Қырғыз-Ресей экономикалық форумын "Росконгресс" қорының қолдауымен Ресей-Қырғыз Даму қоры ұйымдастырды.

Скачать исходники фотографий