Виктор Назаренко: «ЕАЭО техникалық реттеу жүйесін жетілдіру өнімді нарыққа кіргізудің тиімді жағдайларын жасайды»

Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко 2023 жылғы 10-11 шілдеде Екатеринбург қаласында «Техникалық реттеу ЕАЭО-ның БРИКС және ШЫҰ елдерімен ынтымақтастығының негізгі факторы ретінде» атты сессиясында және«ИННОПРОМ» халықаралық көрмесінің алаңдарында өткен ЕАЭО елдерінің Өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің бесінші отырысында Еуразиялық экономикалық одақта техникалық реттеу призмасы арқылы өнімді нарыққа жіберу тетігін дамыту туралы айтып берді.

Техникалық реттеу жүйесінің тетіктері саудадағы техникалық кедергілерді алып тастау және өзара саудада да, үшінші елдерге экспорттау кезінде де барлық салалардағы одақтас өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің қажетті деңгейіне қол жеткізу жөніндегі міндеттерді тиімді шешуге бағытталған.

Виктор Назаренконың айтуынша, Одақта техникалық реттеудің бірыңғай жүйесі қалыптасқан. Қазіргі уақытта 52 техникалық регламент қабылданды, оның 47-сі күшіне енді. Қабылданған техрегламенттерге стандарттардың тиісті базасы құрылды, олар өзара байланысты стандарттардың тізбелері 15 мыңнан астам позицияны, оның ішінде 10 мыңнан астам МЕМСТ-ты қамтиды. Алайда, олар қайта-қайта жаңартуды қажет етеді.

«Техникалық регламенттер мен стандарттар тізбесі талаптарының жоғары деңгейін ұстап тұру үшін бүгінде Одақта техрегламенттердің және олардың стандарттар тізбесінің ғылыми-техникалық деңгейін бағалау енгізілуде. Бұл сонымен қатар жүйелі деңгейде қолданыстағы сатнадартарды қайта қарауға және жаңа мемлекетаралық стандарттарды әзірлеуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті ЕЭК министрі.

Виктор Назаренко еуразия елдерінің өнеркәсіп министрліктері мен өндірушілерінің ЕАЭО-ның нормативтік құқықтық базасын жасауға қатысуының маңыздылығына ерекше назар аударды.

«Халықаралық талаптарға сәйкес келетін қазіргі заманғы мемлекетаралық стандарттарды әзірлемей, кез келген кооперациялық жобаны тиімді іске асыру мүмкін емес. Стандарттау серпінді техникалық шешімдерді әзірлеуге және сапалы бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік беретін негіз жасайды», — деп атап өтті ЕЭК министрі.

Виктор Назаренко өзекті тақырып ретінде өнімнің ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалау және олардың сақталуын мемлекеттік бақылау (қадағалау) құралдарының көмегімен ЕАЭО ішкі нарығын қорғау мәселелерін қозғады.

«Қазіргі уақытта 520 мыңнан астам сериялық сәйкестік сертификаттары мен ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігі туралы 3,5 млн декларация шет елдерде өнідірілген өнімге алынды. Көрсетілген құжаттардың едәуір үлесін берудің негізділігі тексеруді, оның ішінде мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) талап етеді. Бұл тұтынушыларды қауіпті өнімдерден қорғап қана қоймай, отандық өнеркәсіп үшін тең бәсекелестік жағдай жасауға мүмкіндік береді», — деді Виктор Назаренко.

ЕАЭО-ның үшінші елдермен, атап айтқанда ШЫҰ және БРИКС елдерімен саудадағы техникалық кедергілерді жою жөніндегі өзара іс-қимылын дамытуға қатысты Виктор Назаренко бұған ең алдымен халықаралық стандарттар негізінде нарыққа міндетті талаптар мен рұқсат беру рәсімдерін белгілеу бөлігінде тәсілдерді үйлестіруді қамтамасыз ету бойынша тараптардың өзара ниеттері ықпал етуі қажет екенін атап өтті. Ал перспективада осы бірлестіктердің елдерімен 2023 жылғы 15 сәуірде күшіне енген үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жоюдың тәртібі мен талаптары туралы Келісім негізінде техникалық кедергілерді жою туралы жекелеген келісімдер жасасу мүмкіндігі болып табылады.

ЕЭК министрі Одақ аясында әзірленіп жатқан Өнім сапасын қамтамасыз етудің еуразиялық жүйесін құру жөніндегі тұжырымдаманың негізгі аспектілерімен бөлісті. Ол техникалық реттеу саласындағы цифрлық жобаны іске асыру жөніндегі жұмыс туралы айтып, осы саланы цифрландыру бойынша болашақтағы перспективалары туралы өзінің көзқарасын ұсынды.