Басты бет
/
Жаңалықтар
/
Виктор Назаренко: "ЕАЭО-дағы техникалық реттеудің цифрлық трансформациясы нарыққа қатысушылардың өзара іс-қимылының қағидатты жаңа деңгейін қамтамасыз етеді"
Виктор Назаренко: "ЕАЭО-дағы техникалық реттеудің цифрлық трансформациясы нарыққа қатысушылардың өзара іс-қимылының қағидатты жаңа деңгейін қамтамасыз етеді"
22.02.2023
22 ақпанда Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренконың төрағалық етуімен "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі цифрлық техникалық реттеу" жобасын үйлестіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы болып өтті.
"Біздің Одақтағы техникалық реттеу процестерінің цифрлық трансформациясы нарыққа қатысушылардың өзара іс-қимылының қағидатты жаңа деңгейін қамтамасыз етеді. Мақсат түсінікті әрі өзекті — тауарлар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ЕАЭО елдерінің бәсекеге қабілетті, соның ішінде әлемдік нарыққа өнім шығаруы", — деп атап көрсетті Виктор Назаренко.
Отырысқа қатысушылар цифрлық жобаны іске асыру және консорциумның тиісті көрсетілетін қызметтеріне қатысты қабылдау-тапсыру жұмыстарын ұйымдастыру туралы жоспарлы есеп дайындауға айрықша назар аударды.
Сарапшылық деңгейде жобалық шешімдерді, компоненттердің әдістемелік құжаттамасын және цифрлық платформаның сервистерін пысықтау үшін құрылған екі (техникалық және әдіснамалық мәселелер бойынша) сарапшылық топтың қызметін ұйымдастыруға қатысты мәселелер талқыланды.
"Бүгін қаралған тақырыптар цифрлық жобаны жоспарланған мерзімде практикалық іске асырудың басталуы үшін өте-мөте маңызды. Уақытында қабылданған шешімдер техникалық реттеудің цифрлық құралдарын қалыптастыру шеңберінде интеграцияны одан әрі тереңдетуге жәрдемдеседі", — деп түйіндеді ЕЭК министрі.