Виталий Вовк ЕАЭО-ның арнайы экономикалық аймақтарындағы өнеркәсіптік кооперацияны қаржыландыру механизмі туралы айтып берді
Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Виталий Вовк "АЭА және АйрЭА — Одақтық мемлекет пен ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық процестерді дамыту драйверлері" халықаралық форумында ЕАЭО өнеркәсібіндегі кооперациялық жобаларды қаржылық қолдау механизмінің онлайн-таныстырылымын өткізді. Іс-шара Витебск қаласында (Беларусь) болып өтті. 

"Бүгінгі таңда еркін және айрықша экономикалық аймақтар өндірісті дамыту үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды – салықтық және кедендік жеңілдіктерді, әкімшілік етудің тиімді "бір терезе" жүйесін, кәсіби басқаруды ұсынады. Осындай преференциялармен ұштастыра отырып, қаржылық жәрдемдесу механизмін пайдалану өндірушілерге ең өршіл жобаларды іске асыру үшін қосымша мүмкіндіктер береді және ЕАЭО елдерінде кооперацияны дамытудың жақсы ынталандырмасы болады", – деп атап өтті Виталий Вовк.

Виталий Вовк мүше мемлекеттердің бизнесін қаржылық кооперация механизміне белсендірек қосылуға шақырды.

Іс-шара барысында Беларусьтың, Қазақстанның және Ресейдің мемлекеттік құрылымдарының, бизнес-қоғамдастығы мен экономикалық аймақтарының өкілдері өнеркәсіптік кооперация саласындағы ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын талқылады, сондай-ақ инвестициялар тарту бойынша тәжірибе ауысты.

Форум Ресейдің кластерлер, технопарктер және АйрЭА қауымдастығының қолдауымен "Витебск" АЭА әкімшілігінің бастамасы бойынша ұйымдастырылды.