Жаңалықтар

19.03.2024

«Балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке орайлас стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың «Балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР042/2017) талаптарын қолдану мен орындау үшін қажетті зерттеу (сынау) әдістеріне арналған стандартар тізбесіне өзгерістер енгізді.

Тізбе Комиссия жүргізген ғылыми-зерттеу жұмысы шеңберінде әзірленген полиамидтерден жасалған бұйымдардағы капролактамды айқындау жөніндегі әдістемемен толықтырылды. Өтпелі кезеңді қамтамасыз ету үшін оны 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолдану мерзімі белгіленді.

Сондай-ақ, балалар ойын алаңдары жабындарының иісі шығу қарқындылығының көрсеткішін бақылау үшін бұрын тізімге енгізілген әдістемені қолдану мүмкіндігі нақтыланды.

Көрсетілген тізбеге өзгерістер Алқа шешімі ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.