27 сәуірде Еуразиялық
экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік
сатыпалымға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін тауарлардың жекелеген түрінің
шығарылған елін айқындау қағидаларына өзгерістер пакетін қабылдады.
Өзгерістерге сәйкес Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлардың тізілімі екі жаңа тауар атауымен – жіңішке арқан жіптермен, жіп-баулармен, арқандармен және сымарқандармен әрі медицинада қолданылмайтын жете тексеретін рентген қондырғыларымен. толықтырылады. Бір тауар атауы – талшықты-оптикалық кабельдер үшін мүше мемлекеттерде оптикалық талшықтар өндірісінің күрделілігіне байланысты дайындау талапшарттары оңайлатылды.
Өзгерістер ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еске сала өтсек, Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізілімі басқа мүше мемлекеттердің және (немесе) үшінші елдердің тауарларына қатысты преференциялар, шектеулер мен тыйымдар белгіленген ЕАЭО елдерінің бірінің мемлекеттік сатыпалымына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
Тізілімге қосу үшін белгілі бір алгоритмді басшылыққа алған жөн.