Медициналық қолдануға арналған дәрілерді тіркеу және сараптау қағидаларына өзгерістер енгізілді
03.11.2026

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі тіркеу рәсімдеріне арналған өтініш нысанын дәрілік препараттың қолданыстағы заттегінің халықаралық патенттелмеген атауын немесе оның жалпы қабылданған, топталымданған және химиялық атауын көрсету қажеттігімен толықтырды.


ЕЭК Кеңесінің бұл шешімі Еуразиялық экономикалық одақтың тіркелген дәрілік заттар тізіліміндегі ақпараттың толық біркелкілігін қамтамасыз етеді, сатыпалым өткізу үшін дәрілерді таңдау кезінде әркелкі оқылуын болдырмауға мүмкіндік береді, Тізілімдегі дәрілік препарат туралы ақпаратты іздеуді оңайлатады.