Ет және ет өнімдеріне арналған техникалық регламентке мемлекетаралық стандарттар әзірлеу жөніндегі бағдарламаға өзгерістер енгізілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 27 қазандағы отырысында Кеден одағының "Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарламаға өзгерістер енгізді.


Өзгерістер, атап айтқанда, МемСТ 35098-2024 "Балалар тағамына арналған қабығымен қайнатылған ветчина. Техникалық талапшарттар" және МемСТ 35280-2025 "Балалар тағамына арналған ет паштеттері. Техникалық талапшарттар" әзірлеудің аяқталуы мен қабылдануына байланысты екі стандартты әзірлеу туралы тармақтарды Бағдарламадан алып тастауды көздейді.

 

Бағдарлама "Ливер шұжықтары. Жалпы техникалық талапшарттар" және "Ет және ет өнімдері. Нитриттер мен нитраттардың құрамын анықтау. Үздіксіз ағындық талдау әдісі (CFA)", сондай-ақ МемСТ ISO 5553-2013 " Ет және ет өнімдері. Полифосфаттарды анықтау" стандарттарын әзірлеу туралы тармақтармен толықтырылды.

Үш стандарт – "Ет және ет өнімдері. Дисперстілігін айқындау әдісі", "Балалар тағамына арналған ет өнімдері. Күріш және бидай ұнын айқындау әдісі" және "Тамақ өнімдері. Іздік элементтерін айқындау. Сынаманы қысыммен алдын ала  минералдандыра отырып сынапты суық будың атомдық абсорбциялық спектрометриясы  әдісімен айқындау" стандарттарын әзірлеу мерзімі өзектілендірілді.

"Сиырдың шикі майы, қойдың шикі майы және шошқаның шикі майы" МемСТ жалпы техникалық талапшарттарға арналған техникалық талапшарттар түрінде редакцияланды.

МемСТ 18157-88 " Мал сою өнімдері. Терминдер мен айқындамаларды" қайта қарау негіздері және "Шпик өнімдері. Техникалық талапшарттар" және "Жануарлардан алынатын тағамдық өнім және азық-түлік шикізаты. Бактерияға қарсы препараттарды иммуноферменттік талдау әдісі" стандарттарын әзірлеу негіздері толықтырылды.

Өзгерістер Комиссия Алқасының шешімі ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.