Тағамдық қоспаларға арналған техникалық регламенттің мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарламасына өзгертулер енгізілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Кеден одағының «Тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер және технологиялық көмекші құралдар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» (КО ТР 029/2012) техрегламентінің мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарламасын өзгертті.

Бағдарламадан Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының тиісті стандарттарды әзірлеуіне байланысты алты позиция алынып тасталды.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ұлттық стандарттау жоспарларын өзектендіруіне байланысты 11 стандартты және әзірлеуге қатысушылардың ұсыныстары бойынша олардың жобаларын пысықтау қажеттілігіне байланысты екі стандартты әзірлеу мерзімдері ауыстырылды.