Өткен жылдың желтоқсан айында Одақтың май өнімдеріне арналған техрегламентіне енгізілген № 2 өзгертулерді (КО ТР 024/2011) іске асыру мақсатында (№2 өзгертулер Кеңестің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 149 шешімімен қабылданған) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Одақтың май өнімдеріне арналған техникалық регламентінің Мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу бағдарламасына (КО ТР 024/2011) өзгертулер енгізді.
Өзгертулерде «Өсімдік майлары, жануарлар майлары және оларды қайта өңдеу өнімдері. Май қышқылдарының трансмайларының массалық үлесін анықтау әдістері» атты 31754-2012 МЕМСТ-қа енгізілетін өзгертулерді әзірлеу мерзімінің аяқталуына түзету енгізуді, сондай-ақ «Майлар және жануарлар мен өсімдіктер майлары. Монохлорпропандиолдар (МХПД) және глицидол май қышқылдарының күрделі эфирлерінің құрамын ГХ/МС қолдану арқылы анықтау. 4-бөлік. Жылдам сілтілі қайтаэтерификацияны қолдану әдісі және ГХ/МС/МС қолдана отырып 2-МХПД, 3-МХПД және глицидол мөлшерін өлшеу» атты ISO 18363-4:2021 негізінде МЕМСТ әзірлеу бойынша 37-позициямен белгіленген Бағдарламаны толықтыру көзделген. Стандарттың жауапты әзірлеушісі – Ресей Федерациясы.
Комиссия Алқасының шешімі ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.