Басты бет
/
Жаңалықтар
/
Косметикалық өнімдерге арналған стандарттарды әзірлеу бағдарламасына өзгертулер енгізілді
Косметикалық өнімдерге арналған стандарттарды әзірлеу бағдарламасына өзгертулер енгізілді
01.07.2025
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы «Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техрегламентті іске асыруды және қолдануды қамтамасыз ететін мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу бағдарламасына енгізілетін өзгертулерді бекітті.
Енгізілген өзгертулер арқылы бес мемлекетаралық стандарттарды, оның ішінде Қытай Халық Республикасының стандарттары негізінде парфюмерлік-косметикалық өнімдегі формальдегидті анықтау жөніндегі екі стандартты, ISO халықаралық стандарттары негізінде күннен қорғау құралдарын сынау әдістеріне арналған екі стандартты және SMIIC ислам елдерінің Стандарттау және метрология институтының стандарты негізінде Halal парфюмерлік-косметикалық өнімі бойынша бір стандартты әзірлеу көзделген.
Сонымен қатар тоғыз мемлекетаралық стандартқа өзгертулер енгізу жоспарланған.