Жеке қорғану құралдарына арналған техникалық регламентке өзгерістер енгізілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Кеден одағының «Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне өзгерістер енгізді.


Өзгерістер техникалық регламентті қолдану практикасын ескереді және оған жаңа өнімді (оған қойылатын талаптармен бірге) енгізуді, техникалық регламент объектілеріне, оның ұғымдық аппаратына қойылатын қолданыстағы талаптарды нақтылауды, сондай-ақ сәйкестікті бағалаудың типтік схемаларына бейімделуді көздейді.

 

Мәселен, техникалық регламентті қолдану саласына шынжырлы қол ара жарақатынан қорғану құралдары және жәндіктер мен өрмекші тәрізділерді (кенелерді) үркітетін үркіткіштер мен осы өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптары кіреді.

Бұдан басқа, бірқатар жеке қорғану құралдарына – жалпы өндірістік ластанудан, биіктіктен құлаудан, химиялық факторлардан, жоғары температурадан, электр тогы соғуынан қорғану құралдарына қойылатын қауіпсіздік талаптары нақтыланады.

Жекелеген қорғану құралдарына жаңа қауіпсіздік талаптары қойылады. Мысалы, түсіру құрылғыларына, соның ішінде автоматты басқарылатын құрылғыларға арналған динамикалық жүктеме талаптары; есту және тыныс алу органдарын қорғау құралдарымен шуды сіңіру көрсеткіштері, бас пен қолды қорғау құралдарының жылу оқшаулау көрсеткіштері, салқын судан қорғайтын киімге арналған жылу кедергісі және жылу оқшаулау көрсеткіштері.

Техникалық регламентте талаптарды өзектілендіру ескеріле отырып, оның ұғымдық аппараты да нақтыланады. Соның ішінде жаңа терминдер мен олардың айқындамалары: "әсер етуші заттек", "қорғану икемқұралы", "үркіткіш құрал", "респиратор" және басқалар белгіленеді.

 

ЕЭК Кеңесінің шешімімен енгізілуі сынақтардың тиісті әдістерін техникалық регламентке орайлас стандарттар тізбесіне енгізумен "бірлестірілген" жекелеген жаңа талаптарды қоспағанда, өзгерістер жарияланғаннан кейін 12 ай өткен соң күшіне енетіні айқындалды.