ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер бойынша сыртқы борыштың құрылымы әртүрлі. 2021 жылғы 1 қазандағы жай-күй бойынша Арменияда, Беларусьта және Қырғызстанда мемлекеттік басқару органдарының борышы басымдықты, Қазақстанда - тікелей инвестициялар бойынша борыш, Ресейде басқа секторлардың борышы басымдықты.
Сыртқы борыштың халықаралық резервтермен жоғары жабылуы (125%) Ресейде ғана қамтамасыз етілген. ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттерде бұл Беларусьтағы 20%-дан Қырғызстанда 36%-ға дейінгі көрсеткішті құрайды. 2021 жылғы 1 қазанда 2020 жылдың тиісті күнімен салыстырғанда Ресейден басқа ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттерде пайызға шаққандағы халықаралық резервтер сыртқы борышқа қатысты өсті.
Неғұрлым толық ақпаратты Статистика департаментінің жедеғабыл-шолуынан қараңыз.