Жаңалықтар

22.09.2022 (Обновлено: 03.10.2022 11:03)

Kazakhstan Growth Forum форумында ЕАЭО-ның жұмыс істеу мәселелері талқыланды

22 қыркүйекте Алматыда өткен Kazakhstan Growth Forum форумында ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық одақтың ағымдағы экономикалық жағдайларда жұмыс істеуі, ішкі нарықтың кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар және ЕАЭО елдерінің бизнесі үшін жайлы жағдайлар жасау туралы айтты.

Атап айтқанда, Бақытжан Сағынтаев кедендік-тарифтік реттеу, ЕАЭО-ның ішкі нарығы және кооперация, өзара есеп айырысулар сияқты бағыттар бойынша макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуді қоса, экономикалардың орнықтылығын арттыру үшін жағдайлар жасау жөніндегі жоғары деңгейлі жұмыс тобының қызметі туралы хабардар етті.

Форумға қатысушылар Еуразиялық интеграцияның бизнес мүддесіне тән мүмкіндіктері туралы пікір алмасты.

«Еуразиялық интеграцияның әлеуеті бәсекеге қабілеттілік пен ұлттық экономикалардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және Одақ шеңберінде синергетикалық интеграциялық нәтижелерге жетуге бағытталған», – деп атап өтті ЕЭК министрі.

Анықтама

«Kazakhstan Growth Forum» – Қазақстан бизнесі үшін түйінді іс-шара. Форумды 2010 жылы Centras компаниялар тобы экономиканың жекеше секторының кәсіби диалогына арналған алаң ретінде ұйымдастырды. Осы жылы форумның негізгі тақырыптары Қазақстан үшін сын-қатерлер, жаңа экономикалық беталыс және заманауи бизнес үшін құзыреттер болды.