Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Эльдар Алишеров Ереванда Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорянмен жұмыс кездесуін өткізді.
"Соңғы үш жылда Армения ЕАЭО шеңберінде экономикалық өсу көшбасшысының бірі болып қалып отыр. Мысалы, 2024 жылы ел экономикасы 5,9% өсті. Экономикалық белсенділік жоғары болып қалуда: 2025 жылғы ақпанда экономикалық белсенділік индексі 4,1% құрады. Еңбек нарығы оң үрдіс көрсетуде: жалақы мен жұмыспен қамтудың өсуі байқалады, жұмыссыздық айтарлықтай төмендеді", – деп атап көрсетті Эльдар Алишеров.
Тараптар Еуразиялық интеграцияны дамыту перспективалары туралы пікір алысты. 2030-Декларациясын іске асыру жөніндегі жоспарды дайындауға айрықша назар аударылды. Оны Еуразиялық экономикалық одақты дамыту жөніндегі субстантивтік іс-шаралармен толықтырудың маңыздылығы атап өтілді.