ВІс-шараға Ресей Федерациясының билік органдарының, бизнесінің өкілдері, аталған саланың жетекші сарапшылары қатысты.
Конференция шеңберінде Жанар Әдікова Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ұлттық режимді қамтамасыз ету мәселелерін ұсынды және өзара сатыпалымға қол жеткізуді, соның ішінде ЕАЭО елдерінің өнеркәсіптік тауарларының шығарылған елін айқындау арқылы қамтамасыз ету үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.
"Комиссия сатыпалымның бәсекелестік тәсілдерін ұлғайтуға шақырады, оның көрсеткіші ЕАЭО-да қазір 54 пайыз құрайды", — деп атап өтті өз сөзінде Жанар Әдікова.
Ол Одақ елдерінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың мемлекеттік сатыпалымында ұлттық режимді қамтамасыз ету кезінде Еуразиялық экономикалық комиссия тап болған проблемалық аспектілерді баса көрсетті.
"Дәрі өндірушілер ЕАЭО мемлекеттік сатыпалымына қатысу үшін Еуразиялық шығарылған елін растау жүйесінің жұмысымен жақсы таныс емес. Тұтастай алғанда, келіссөздер процесі оң серпінге ие, ал өндірістің толық циклін растау талабы бойынша әлі де алда келіссөздер мен ЕАЭО органдары отырыстарындағы шешімдер күтіп тұр", – деді Жанар Әдікова.
Осы тақырыптағы баяндама шеңберінде Жанар Әдікова өндірісті оқшаулау тәсілдемелерінің өзгеруі және фармацевтика саласы тауарларының шығарылған елін растау туралы ой-тұжырымдарымен бөлісті. Сондай-ақ, спикер келіссөздер процесінің сатысы және медицина секторындағы мемлекеттік сатыпалым үшін ЕАЭО құқығын қалыптастыру жөніндегі Комиссия жүргізетін жұмыс туралы айтып берді.