Минскіде жеке-дара көлік құралдарының сәйкестігін бағалау мәселелері талқыланды
Жеке-дара көлік құралдарының сәйкестігін бағалауды жүргізудің, сондай-ақ Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) жекелеген ережелерін қолданудың өзекті мәселелері Минскіде Еуразиялық экономикалық комиссия Беларусь мемлекеттік аккредиттеу орталығымен бірлесіп ұйымдастырған дөңгелек үстелде қаралды.


ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті директорының орынбасары Максим Ким жеке-дара көлік құралдарының сәйкестігін бағалаудың айрықша өзектілігін атап өте келіп, аталған техникалық регламентке орайлас қабылданған және жоспарланған өзгерістер туралы айтып берді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар КО ТР 018/2011 жекелеген ережелерінің беймәнді құқық қолдану практикасынан туындаған жұмыс тобы қызметінің нәтижелері бойынша қалыптастырылған сұрақтарға жауаптарды талқылады. Олар жеке-дара көлік құралдарының сәйкестігін бағалауға және тиісті МемСТ 33670-2015-ке қатысты.

   

Дөңгелек үстел жұмысына Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік органдарының, ұйымдарының және бизнес-қоғамдастығының 80-нен астам өкілі қатысты.

 



Скачать исходники фотографий