Комиссияның бейіндік алаңында электрондық сауда тауарларына арналған жаңа декларацияны толтыру мәселелері талқыланды

Еуразиялық экономикалық комиссияның кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры Сергей Владимировтың төрағалығымен экспресс-жүктер мен халықаралық почта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік операцияларды жүргізу тәртібін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. 

Іс-шараға мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері, соның ішінде пошта операторлары мен экспресс-тасымалдаушылар қатысты.

«Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне өзгертулер енгізу туралы хаттамасы ратификациялаудан өтеді және кез келген уақытта күшіне енуі мүмкін. ЕАЭО елдері бұған дайын болуы тиіс. Бұл ретте Кодекске енгізілген өзгертулердің күшіне енуімен қатар Комиссияның бірқатар шешімдері, оның ішінде электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны толтыру нысаны мен тәртібіне қатысты шешім де қолданыла бастауы тиіс», — деп атап өтті Сергей Владимиров.

Іс-шара барысында ЕЭК Алқасы шешімінің аталған жобасын талқылау жалғасты. Жалпы сараптамалық деңгейде жаңа кедендік декларация нысаны бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді және оны толтыру тәртібі қалыптастырылды. Оңтайлы шешімдерді әзірлеу және бизнесті жаңа жағдайларға бейімдеу үшін РӘБ рәсімін өткізу аясында жобаны жария талқылау барысында келіп түскен пошта операторларының ұсыныстары талқыланды.

2023 жылғы 25 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте Одақтың Кеден кодексіне сыртқы электрондық сауданы реттеу бөлігінде өзгертулер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды.