Жаңалықтар

27.04.2021 (Обновлено: 29.12.2021 16:39)

ЕАЭО-да Тауар белгілері туралы шарт күшіне енді

26 сәуірде Халықаралық зияткерлік меншік күні 2020 жылғы 3 ақпандағы Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының шығарылған жерін айқындау туралы шарт күшіне енді. Шарт тауар белгілерінің, қызмет көрсету белгілерінің және ЕАЭО тауарларының шығарылған жерін айқындаудың өңірлік жүйесін қалыптастыру жөніндегі негіз қалаушы құжат болып табылады.

Шарт, атап айтқанда:
- «ЕАЭО тауар белгісі» және «ЕАЭО тауарының шығарылған жерінің атауы» ұғымдарын енгізуді,
- ЕАЭО-ның барлық елінің аумағында бір мезгілде кейіннен құқықтық қорғау алумен бірге Одақ мемлекеттерінің патенттік ведомстволарының кез келгені ЕАЭО тауар белгісіне арналған бір өтінімді немесе ЕАЭО тауарының шығарылған жерінің атауына арналған бір өтінімді беру мүмкіндігін,
- өтінім берушінің бір ғана ведомствомен өзара іс-қимылын — «бір терезе» қағидатын,
- ЕАЭО-ның ресми сайтында орналастырылатын ЕАЭО тауар белгілерінің бірыңғай тізілімін және ЕАЭО тауарларының шығарылған жері атауының бірыңғай тізілімін енгізуді көздейді.

Таяу уақытта шарт ережелерін іске асырудың рәсімдік қағидаларын қамтитын нұсқау бекітіледі, белгіленген рәсімдер шеңберінде өтінімдер қабылдауды қамтамасыз ету мақсатында қажетті технологиялық процестер түзілетін болады.

ЕАЭО-да зияткерлік меншік объектілерін тіркеудің өңірлік жүйесін іске қосу бірлестіктің интеграциялық нәтижесін, соның ішінде кәсіпкерлік қызметті дамыту саласында күшейтуге, Одақ елдері экономикаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ ЕАЭО нарығының қосымша инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етеді. Шартты қолдану құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге арналған уақытша және қаржылық шығыстарды қысқартуға әкеледі, Одақ нарығына Еуразиялық брендтер аясындағы тауарлар шығаруға жәрдемдесетін болады.