ЕАЭО-дағы бәсекелестік пен монополияға қарсы реттеу туралы электрондық журналдың кезекті нөмірі шықты

Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтына "ЕАЭО-дағы бәсекелестік пен монополияға қарсы реттеу" электрондық журналының кезекті нөмірі орналастырылды.

Журналда бәсекелестік мәселелері, соның ішінде цифрлық нарықтар, елдердің мемлекеттік монополияға қарсы және тарифтік саясаты бойынша өзекті материалдар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдері реттеушілерінің түйінді кейстеріне шолу жинақталған. 

Нөмір авторлары жосықсыз бәсекелестікке қарсы іс-қимыл әдістері, бәсекелестік саясатты одан әрі дамыту бағыттары, монополияға қарсы істерді қарау кезінде құралдар спектрін кеңейту және тағы басқалар туралы өз пайымдауларымен бөліскен.

Шыға бастағаннан бергі уақыт ішінде журнал толық мәнді сараптамалық алаңға айналды, онда бәсекелестік саласындағы мамандар оқырманды Еуразиялық кеңістікте бәсекелестікті дамыту бойынша инновациялық идеяларымен және ұсыныстарымен таныстырады.