ЕАЭО-ның сыртқы және ішкі сауда көлемі жоғары қарқынмен өсуде
14.01.2022
2021 жылғы қаңтар-қарашада ЕАЭО-дан тыс елдермен сыртқы сауда көлемі 752 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 34,3% артық. 2019 жылғы қаңтар-қарашадағы кодидке дейінгі деңгейден 12,6% асып түсті. Экспорт — 42,5%, импорт – 22,8% артты.
2021 жылғы қаңтар-қарашада өзара сауда көлемі 65,5 млрд АҚШ долларынан асты, бұл 2020 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 32,4% артық және 2019 жылғы қаңтар-қарашадағы кодидке дейінгі кезеңнен 17,8% жоғары.
Өзара саудадағы экспорт көлемінің өсуі Одақтың барлық мемлекетінде байқалды. Мейлінше көп өсім Қазақстанда (35,3%) және Ресейде (35,2%) байқалды.
Неғұрлым толық ақпарат Статистика департаменті бетінде «Тауарлардың сыртқы және өзара саудасының статистикасы» бөліміндегі жедеғабыл-шолуда берілген.