29 мамырда Астанада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында 2022 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның үйлестіруімен Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау және тұқым шаруашылығы салаларындағы одақтық заңнаманы біріздендіру бағытында жұмыс жүргізгені атап өтілді.
Қабылданған шаралар ортақ тұқым нарығының дамуын қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін сапалы егістік материалдың қолжетімділігін арттырды. Одақта тұқымдардың өзара саудасы 2025 жылы тиісті жұмыстың басталуымен салыстырғанда 1,6 есеге – шамамен 80 млн. долларға дейін өсті, тұқым экспорты 2,3 есеге – 82,8 млн долларға дейін өсті, үшінші елдерден импорт 1,5 есеге жуық – 572,7 млн долларға дейін төмендеді.
ЖЕЭК отырысында мемлекет басшылары тұқым шаруашылығындағы ұлттық заңнамаларды біріздендірудің жекелеген бағыттары бойынша жұмысты жалғастырудың орындылығын және 2028 жылдың бірінші жартыжылдығында қажетті шаралардың іске асырылу барысы туралы баяндама ұсынуды қолдады.
«Тұтастай алғанда тұқым шаруашылығында бірыңғай тәсілдерді, талаптар мен реттеу тетіктерін қолдану есебінен біріздендіру агроөнеркәсіптік кешеннің тиімділігін арттыруға, Одақ елдерінің интеграциясы мен азық-түлікпен қамтамасыз етілуін тереңдетуге ықпал етеді», – деп атап өтті ЕЭК өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян.
Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау және тұқым шаруашылығы салаларында ЕАЭО мемлекеттерінің заңнамаларын біріздендіруге бағытталған шаралар тізімі 2021 жылы ЖЕЭК шешімімен бекітілген болатын.