Жаңалықтар

07.12.2021 (Обновлено: 06.04.2022 17:46)

2020 жылы ЕАЭО-да өзара көрсетілетін қызметтер 7 млрд АҚШ долларына жуық құрады

Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаменті «Еуразиялық экономикалық одақтағы көрсетілетін қызметтер экспорты мен импорты» жинағын жариялады. Жинақ 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі аралықтағы ЕАЭО елдері бойынша көрсетілетін қызметтердің түрлері мен олардың даму динамикасы бойынша ізеуіртелген ақпаратты қамтиды. 2020 жылы ЕАЭО-ның көптеген елінде сауданың теріс сальдосының қысқаруы байқалды. Бұл пандемия уақытындағы бүкіл әлемде көрсетілетін қызметтердің халықаралық саудасының төмендеуі аясында болды. ЕАЭО-ның өзара көрсетілетін қызметтері 7 млрд АҚШ долларына жуық құрады. Бұл ретте олардың 56,5%-ы Ресейдің үлесіне тиеді.

ЕАЭО-ның өзара көрсетілетін қызметтер бірыңғай нарығы шеңберінде Беларусь негізінен техникалық, іскерлік, құрылыс және компьютерлік көрсетілетін қызметтерді экспорттайды, Қазақстан мен Қырғызстан – сапарлар, Ресей – сапарлар, құрылыс қызметтерін көрсету, техникалық қызметтер көрсету және ағымдағы жөндеу.

Неғұрлым толығырақ ақпарат Статистика департаментінің бетіндегі статистикалық жинақта берілген.