Оңтүстік Африка бизнесі ЕАЭО елдерімен ынтымақтастықты дамытуға дайын

Еуразиялық экономикалық одақпен агроөнеркәсіптік және өнеркәсіптік салалардағы ынтымақтастықты арттыруға өзара қызығушылықты ОАР бизнесі кеңесінің президенті Элиас Монаге, ОАР Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Мто Ксулу және «Мусина-Махадо» АЭА бас атқарушы директоры Лехлогоноло Масога Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Армен Арутюнянмен және Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Николай Кушнаревпен жұмыс кездесулері барысында белгіледі.

ОАР-дың бизнес-топтары мен агроөнеркәсіптік экспорттаушы компанияларының өкілдерімен жүргізілген келіссөздер аясында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер мен ОАР арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективалары, ЕАЭО-да өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түліктің үшінші елдердің нарықтарына қолжетімділігін кеңейту мәселелері талқыланды.

«Біздің елдеріміздің әлеуеті бар екені анық, ал ресурстар мен бірлескен іс-қимылдардың болуы бәсекеге қабілетті өндіріс көлемін ұлғайту, АӨК жоғары технологиялық өнімдерінің экспортын дамыту және ЕАЭО агроиндустриясын дамыту картасына енгізілген кооперациялық жобаларға инвестициялар тарту үшін ОАР-мен
ЕАЭО мемлекеттерінің өзара тауар айналымын ұлғайту және әріптестік қатынастарын тереңдету бойынша зор мүмкіндіктер ашады», — деп атап өтті Армен Арутюнян кездесу барысында.


Сонымен қатар ОАР іскер топтарының өкілдерімен өсімдік шаруашылығы мен тұқым шаруашылығын дамыту, оның ішінде ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру үшін инновациялық технологияларды пайдалану, ЕАЭО ішкі нарығында және үшінші елдердің нарықтарында өсімдік шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі мәселелері талқыланды.

«Оңтүстік Африка елдерінде даму бағдарламаларын, атап айтқанда өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешен саласында Одақта қолданылып жүрген технологиялар мен үздік тәжірибелер трансфері бағдарламаларын іске асыру алаңы ретінде ОАР-ды пайдалану мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз», — деп атап өтті Армен Арутюнян.

 

Іскерлік кездесулер барысында Оңтүстік Африка тарапымен ОАР-дың өңдеу өнеркәсібінің өндірістік қуатын арттыру бойынша өнеркәсіптік кооперация және бірлескен жұмыс құру мүмкіндіктері де қарастырылды.

«Африка нарығында ЕАЭО-дан шыққан дайын өнімдердің, машиналардың және жабдықтардың бәсекеге қабілеттілігі жоғары және жақсы жағынан көрсете білді. Іскер топтар өкілдері арасында тікелей байланыстар жасау арқылы белсенді өзара іс-қимылды дамыта отырып, ұлғайтуға болатын әлі де пайдаланылмаған сауда-экономикалық әлеуеттің бар екені көрініп тұр», – деді Николай Кушнарев.