Аманат Бексултанович Ишимов 1984 жылы Бішкекте туған. 2006 жылы Қырғыз-Ресей (Славян) университетінің халықаралық қатынастар факультетін "әлемдік экономика" мамандығы бойынша, сондай-ақ Арнем және Наймеген университетінің (Нидерланды) бакалавриатын "халықаралық логистика" мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылы Вестминстер университетінде (Ұлыбритания) "Халықаралық бизнес және басқару" бағыты бойынша магистр дәрежесін алды. Экономика ғылымының кандидаты.
2007-2014 жылдары Қырғыз Республикасының дипломатиялық қызметінде болды: СІМ орталық аппаратында, Қырғызстанның Австриядағы Елшілігінде жұмыс істеді.
2014-2023 жылдары "Газпром Қырғызстан" ЖШҚ сатыпалымды дайындау және өткізу бөлімінің бастығы болды.
2023-2025 жылдары – Біріккен Араб Әмірліктеріндегі халықаралық компанияның операциялық директоры.
2026 жылғы 10 наурыздан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатыпалым саласындағы саясат департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.