Жаңалықтар

01.09.2021 (Обновлено: 12.01.2022 09:03)

Нарек Овакимян Ішкі нарықтың жұмыс істеуі департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

Нарек Патваканович Овакимян 1988 жылғы 18 желтоқсанда Ереванда (Армения Республикасы) туған. 2010 жылы Ереван мемлекеттік университетін бітіріп, экономика бакалавры дәрежесін алды. 2018 жылы Масариков университетін (Брно/Чехия) бітіріп, қаржы магистрі дәрежесіне ие болды. 2019 жылдан - Армения Ұлттық аграрлық университетінің агробизнес және экономика факультетінің аспиранты.

2013 - 2015 жылдары РусГидро «Халықаралық энергетика корпорациясы» ЖАҚ-та (Ереван қаласы) әртүрлі қызметтер атқарды.

2018 жылғы желтоқсаннан бастап 2019 жылғы наурызға дейін «АР аграрлық сақтандыруды ендіру» жобасының жетекшісі болды (Ереван қаласы).

2019 жылғы наурыздан бастап 2020 жылғы ақпанға дейін - Ұлттық аграрлық сақтандыру агенттігі атқарушы директорының орынбасары (Ереван қаласы).

2020 жылғы наурыздан бастап 2021 жылғы наурызға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрінің көмекшісі болды.

2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтың жұмыс істеуі департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.