Бахтияр Асаутаев ЕЭК-тің Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды
02.09.2025
Бахтияр Берікұлы Асаутаев 1987 жылы 9 ақпанда туған. 2010 жылы Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген. 2023 жылы РФ СІМ жанындағы Дипломатиялық академиясын аяқтады.

Еңбек жолын 2008 жылы бастаған. Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында әртүрлі лауазымда жұмыс істеді.

2012-2019 жылдар аралығында Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру департаментінің сарапшысынан Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Халықаралық экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасарына дейін өсті.

2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары лауазымында болды.

2021 жылғы 11 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграцияны дамыту департаменті директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі департаменті директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.