Жаңалықтар

17.05.2021 (Обновлено: 20.12.2021 18:16)

Автандил Алыбаев ЕЭК-тің Интеграцияны дамыту департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

Автандил Шейшенбекович Алыбаев 1972 жылғы 20 маусымда туған. 1994 жылы Қырғыз мемлекеттік ұлттық университетінің экономика факультетін бітірген.

Еңбек қызметін 1994 жылы бастады. Қырғыз Республикасының Президенті жанындағы (Үкіметі жанындағы) Бағалы қағаздар нарығы жөніндегі ұлттық (мемлекеттік) комиссияда, Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Қаржылық қадағалау және есептілік жөніндегі мемлекеттік агенттікте, Қырғыз Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2009 – 2014 жылдары Қырғыз Республикасының Президенті Әкімшілігі мен Үкімет Аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде әртүрлі қызметтерді атқарды.

2014 жылдан бастап 2018 жылғы мамырға дейінгі аралықта Қырғыз Республикасы Ұлттық банкінің макроэкономикалық талдау және қаржы нарығын талдау бөлімін басқарды, 2018 жылғы мамырдан бастап 2021 жылғы ақпанға дейінгі аралықта Қырғыз Республикасы Экономика министрінің орынбасары болып істеді.

2021 жылғы 13 мамырдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграцияны дамыту департаменті директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.